Департаментте дөңгелек үстел өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департаментте Түркістан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары және Білім беруді дамыту орталығының, қала/аудандық білім бөлімдерінің, өңіріміздегі мемлекеттік/жекеменшік білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиында Түркістан облысының білім саласының «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Байғұт Нышан Тасболатұлы «Педагог мәртебесі және оны құқықтық қорғау мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Түркістан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымбекова Айгүл Ерхалиқызы білім беру ұйымдарында конституциялық қағидаларды сақтау мәселелеріне тоқталды.

Білім беруді дамыту орталығының басшысы Тастанбекова Бахтыгүл Әшімқызы «Конституциялық қағидаттар: білім сапасын арттырудағы маңызды қадам» тақырыбында баяндама жасап, сапалы білім берудің маңызын атап өтті.

«Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шайдулла Жандос Шайдуллаұлы «Конституциялық құқықтарды іске асыру – білім саласын дамытудың басты бағыты» тақырыбында ой бөлісті.

Департамент басшысының міндетін атқарушыа Медеубек Гүлдар Сапарбекқызы  Конституциялық құндылықтарды сақтау – сапалы білім мен әділетті қоғамның негізгі кепілі екенін айта келе, қазіргі білім беру саясаты бағытындағы өзгерістерге тоқталып, жиынға қатысушыларды білім сапасын арттыру бағытында жүйелі әрі жауапты жұмыс жүргізуге шақырды.

Жиында педагогтердің құқықтарының қорғалуы, «Педагог мәртебесі туралы» Заң талаптарының орындалуы, білім сапасын арттыру және конституциялық қағидаттарды сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиын соңында, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау жаңа форматта жүргізілетіндігі, мемлекеттік аттестаттаудың кезеңдері мен ерекшеліктері айтылды. Сонымен қатар, МЖМБС талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету, анықталған бұзушылықтарды жою тетіктері және профилактикалық бақылау жұмыстары бойынша мәселелер түсіндірілді.

Конституциялық құндылықтарды сақтау – сапалы білім мен әділетті қоғамның негізі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1223819?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version