Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында негізгі инженерлік және технологиялық құзыреттер бойынша жарыстар басталды.
DOSTI Skills Kokshetau 2026 чемпионаты кәсіптік білім беру өкілдерінің, Австрия, Жапония, Әзірбайжан және Сауд Арабиясынан келген сарапшылар мен жас мамандардың, сондай-ақ Қазақстанның 15 өңірінен келген командалардың басын қосты. 61 қатысушы «Электроника», «Автономды мобильді робототехника», «Прототиптеу» және «Ұшқышсыз ұшу аппараттары жүйелері» құзыреттіліктері бойынша бақтарын сынай бастады.
Чемпионатқа қатысушылар кәсіби дағдыларды, техникалық ойлауды және дамуға деген ұмтылысты көрсете отырып, конкурстық тапсырмаларды орындауға кірісті,-деп атап өтт ұйымдастырушылар
DOSTI SKILLS KOKSHETAU 2026-инновациялар, тәжірибе алмасу және халықаралық деңгейдегі болашақ мамандарды даярлау кеңістігі!
Барлық қатысушыларға сәттілік пен лайықты нәтижелер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1224030?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау