Дүниежүзілік Травматолог күні құтты болсын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті травматолог-дәрігерлер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Травматолог күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Травматология саласы үлкен жауапкершілікті, кәсіби шеберлік пен адам өміріне деген жанашырлықты талап ететін аса маңызды мамандықтардың бірі. Күнделікті еңбектеріңіз арқылы талай жанның денсаулығын қалпына келтіріп, өмірге деген сенімін нығайтып келесіздер.

Қалалық мәслихат құрамында денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген депутаттар бар. Дәрігерлік қызмет пен қоғамдық жауапкершілікті қатар алып жүру – үлкен абырой мен табандылықты талап ететін күрделі міндет.

Адам денсаулығын сақтау жолындағы табанды еңбектеріңіз, біліктіліктеріңіз бен адал қызметтеріңіз үшін алғыс білдіреміз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!

Ізгі тілекпен,
Талдықорған қалалық мәслихатының
VIII шақырылым депутаттары

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-taldykorgan/press/news/details/1224573?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version