Ағымдағы жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы И.Аубакиров «Caspian News» телеарнасының «На тему дня» бағдарламасында еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұхбат берді.
Сұхбат барысында өндірістегі қауіпсіздік талаптарын сақтау, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау, еңбек заңнамасының негізгі нормалары, сондай-ақ заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер туралы айтылды. Сонымен қатар, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және жұмыс берушілер мен қызметкерлердің жауапкершілігі жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1224775?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау