Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ «Freedom Bank» қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қорқыт ата университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу, киберқылмыстардан сақтану жолдарын түсіндіру және құқықтық сауаттылықты арттыру. Іс-шара барысында мамандар интернет алаяқтарының жиі қолданатын тәсілдері туралы айтып, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу, әлеуметтік желілер мен онлайн сауда платформаларын пайдалану кезінде сақ болу қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар студенттерге интернет қауіпсіздігі бойынша арнайы жадынамалар таратылып, алаяқтық фактілеріне тап болған жағдайда дереу полиция органдарына хабарласу қажеттігі ескертілді.  Сақ болыңыздар! Интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1223874?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version