Қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліповтың төрағалығымен Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуына жол бермеу бағытында атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстардың жай-күйі қаралды.
Қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау – баршаға ортақ маңызды міндет екенін атап өтіп, сала мамандарына профилактикалық шараларды күшейту, ведомствоаралық байланысты нығайту және әрбір жағдайды жіті бақылауда ұстау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1223826?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау