КЕНТАУДА 1055 ОҚУШЫ ҰБТ-ҒА ҚАТЫСАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025-2026 оқу жылында Кентау қаласы бойынша 1129 оқушы мектеп бітіреді. Оның ішінде 1055 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берген.

Биылғы негізгі ҰБТ республика көлемінде 12 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. Кентаулық түлектер тестілеуді Түркістан қаласында электронды форматта тапсырады.

Мектеп бітірушілер арасында 104 оқушы «Алтын белгіге», 84 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр. Бұл – шәкірттердің білімге деген ынтасы мен ұстаздардың жүйелі еңбегінің нәтижесі.

Қазіргі таңда білім бөлім тарапынан түлектердің ҰБТ-ны жоғары деңгейде тапсыруына қажетті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Оқушыларға психологиялық қолдау көрсетіліп, кеңес беру шаралары ұйымдастырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1224129?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version