8-мамыр күні Мәдениет үйінің ішінде ауыл жастарының демеушілігімен жап-жаңа, заманауи спортзалдың салтанатты ашылуы өтті! Бұл – ауылымыздың жастары үшін үлкен қуаныш әрі салауатты өмір салтын ұстануға жасалған керемет мүмкіндік. Туған жерінің гүлденуіне үлес қосып жүрген белсенді жастарымызға мың алғыс! 🏋️♂️💪
Игі шараның ашылу салтанатына құрметті қонақтар қатысып, лентасын қиды:
🔹 Балқаш ауданы әкімі – Құтпанбетов Азат Үкітайұлы;
🔹 Балқаш аудандық Мәслихатының төрағасы – Омаров Кәдірбек Тынышбалаұлы;
🔹 Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы – Хамзин Бақытжан.
Қонақтар ауыл жастарының бұл бастамасына жоғары баға беріп, жаңа спортзалдан ел намысын қорғайтын мықты спортшылар шығатынына сенім білдірді.
Жаңа спорт залымыз құтты болсын! Спортпен шұғылданып, шымыр болайық! 🥇🏆
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-koktal/press/news/details/1224204?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау