Көлік полицейлері Алматы әуежайында құқық бұзушылықтың жолын кесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы әуежайындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзу дерегінің жолын кесті.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында көлік полицейлері «Алматы – Франкфурт» бағытындағы әуе рейсінің мас күйіндегі жолаушысын анықтады. Оқиға әуежайдың екінші қабатында анықтама бюросының маңында орын алған.

Ер адам өзін агрессивті ұстап, айналасындағыларға балағат сөздер айтқан. Сонымен қатар, шыны витринаға қолымен соққы жасап, салдарынан әйнек жақын маңда тұрған бюро қызметкерлерінің үстіне құлаған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Көлік полицейлері құқық бұзушыны одан әрі тексеру жүргізу үшін полиция бөлмесіне жеткізді. Ол Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және Арыс қаласындағы жекеменшік компаниялардың бірінде жұмыс істейтін 32 жастағы Канада азаматы болып шықты.

Тексеру қорытындысы бойынша шетел азаматы қоғамдық орында мас күйінде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

 

Көліктегі ПД қоғамдық тәртіпті бұзатын және қоғамға құрметсіздік танытатын кез келген құқыққа қайшы әрекеттер ішкі істер органдарының ерекше бақылауында екенін және заңнамаға сәйкес қатаң түрде жолы кесілетінін ескертеді.

Азаматтарды қоғамдық қауіпсіздік, тыныштық пен тұрақтылықтың негізі болып табылатын Заң мен Тәртіпті сақтауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1224499?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version