«Мәдениет – руханият тірегі» атты кездесу өтті
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай округ әкімшілігінде мәдениет саласы қызметкерлерімен тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу округ әкімі Б. Сүлейменовтің ұйымдастыруымен өтіп, жиынға Ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесінің мүшелері, мекеме басшылары мен ауыл азаматтары қатысты.
Басқосу барысында округ әкімі округіміздің мәдени-рухани дамуына ұзақ жылдар бойы үлес қосқан және қазіргі таңда осы салада табысты еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.
Сонымен қатар мәдениет саласында белсенді қызмет атқарып жүрген бірқатар азаматтар округ әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Жиын барысында мәдениет саласының қоғамдағы маңызы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ауыл мәдениетінің дамуы және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі руханияттың рөлі жөнінде пікірлер айтылды.
Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар өзара ой бөлісіп, мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-ekpindi/press/news/details/1224430?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау