Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік қызметтер Департаменті «Байланыс-орталығы» басқармасының бас сарапшысы Жиындинова Құралай Айғайқызын мерейлі 50 жасымен құттықтайды!
Құралай Айғайқызы Мемлекеттік кірістер органдары жүйесіндегі қызметін 2003 жылдан бастаған. ШҚО аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында, одан кейін Астана қаласында ақпаратты өңдеу, заңды тұлғаларды салықтық тіркеу, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу, заңды тұлғалардың аудиті, салық төлеушілерді тіркеу, камералдық бақылау, жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімдерінде қызмет атқарған.
Құралай Айғайқызы жұмыс жасаған уақыттарда өзін сауатты әрі кәсіби маман ретінде көрсете білді, мақсатқа жету жолында табанды, талапшыл, ұтымды әрі дұрыс шешімдер қабылдайды және командада жұмыс істеуде қабілеті, қазіргі таңда Байланыс-орталығы операторларының арасында көшбасшылардың бірі болып табылады.
Өз ісінің маманы, ұжымның құрметіне ие жауапты және бастамашыл қызметкер.
Осы айтулы мерейтоймен құттықтай келе қажымас қайрат, ынта-жігер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1224720?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау