Объектілердің қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының болуы және санитарлық ережелер мен техникалық регламенттердің талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарағанды облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында тамақ өнеркәсібі саласында қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерімен, сондай-ақ Қарағанды қаласының Қазыбек би және Бөкейхан аудандарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарымен офлайн-кеңес өткізді.
Семинар келесі мәселелерге арналды: «Объектілердің қызметін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы рұқсат құжаттарының болуы. Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Тексерулер мен өндірістік бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды талдау (есептілік, нәтижелерді мониторингтеу). «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» жаңа ақпараттық жүйесінің жұмысы. 2026 жылдың 4 айындағы тамақ өнімдері бойынша бақылау сатып алуларының нәтижелері. Тамақ өнімдеріндегі тұз мөлшері. «Салауатты жұмыс орындары» бағдарламасы».

Семинар барысында спикерлер объектілердің қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат құжаттарының болуы, санитариялық қағидалар мен техникалық регламенттер талаптарын сақтау бойынша түсіндірме берді. Сонымен қатар, өндірістік бақылауды жүргізу және жоғары және төмен эпидемиологиялық маңызы бар объектілер тізілімін қалыптастыру бөлігінде «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесінің жұмысына ерекше назар аударылды. Бақылау субъектілеріне өндірістік бақылау нәтижелерін СЭҚ АЖ-не уақтылы және дұрыс енгізу қажеттілігі туралы ақпарат жеткізілді.

Бұдан бөлек, 2026 жылдың алғашқы 4 айында Қарағанды облысы бойынша жүргізілген бақылау сатып алуларының нәтижелері жеткізілді. Тамақ өнімдерін өндіру және өткізу кезінде Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарын қатаң сақтау қажеттілігіне, соның ішінде таңбалаудың дұрыстығына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар спикер инфекциялық емес аурулардың алдын алу мақсатында тамақ өнімдерінің рецептурасындағы тұз мөлшерін төмендету қажеттілігі туралы ақпарат берді.

Іс-шара қатысушыларына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының үлгісі негізінде әзірленген «Салауатты жұмыс орындары» бағдарламасы таныстырылып, оның мақсаттары, міндеттері және өңір кәсіпорындары қызметкерлерінің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған іске асыру тетіктері түсіндірілді.
Қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1224550?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version