Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жүн және тері дайындау орталықтарын ашу мақсатында басқарма тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта ауыл шаруашылығы қайта өңдеу және техникалық инспекциясы бөлімінің басшысы Абдилдинова Ж.Н. тарапынан облыс аудандарында, атап айтқанда Зайсан ауданында – тері, Күршім ауданында – жүн дайындау бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.
2026 жылғы 18 мамыр күні Күршім ауданында аудан әкімінің орынбасары А.П. Ижимов, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Р.Д. Искаков, жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.С. Қарағызов, аумақтық инспекция басшысы С.М. Кәрімов, 5 ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлер палатасының басшысы Н.А. Потанина, жеке кәсіпкер «Кокешов» және басқарма мамандарының қатысуымен арнайы отырыс өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – аудан көлемінде жүн жинаумен айналысып отырған жеке кәсіпкерге қолдау көрсету және мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.
Бүгінде жеке кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алып, өз жұмысын одан әрі дамытуға ниетті. Сонымен қатар, көрші Қытай елінен арнайы құрал-жабдықтар сатып алу жоспарлануда.
Жоба жүзеге асқан жағдайда, Күршім ауданына жақын орналасқан аудандар тарапынан да жүн өткізуге қызығушылық артады деп күтілуде. Кездесу барысында ауылдық округ әкімдерінің ұсыныстары назарға алынып, көтерілген мәселелер бойынша басқарма тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-agro/press/news/details/1223642?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау