Жетісу облысы полиция қызметкерлері жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік және еңбек тәртібін нығайтуға бағытталған «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — техникалық ақауы бар және қайта жабдықталған жолаушылар көліктерін пайдалануды анықтау, заңсыз жолаушы тасымалының жолын кесу, сондай-ақ автобустардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
ЖПІШ өткізу барысында облыс бойынша 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді.
Атап айтқанда, мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарғаны үшін 46 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған жүргізушілерге ерекше назар аударды. Аталған құқық бұзушылық бойынша 129 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Олардың әрекеті жолдағы апатты жағдайларға себеп болуы мүмкін болған.
Бұдан бөлек, маневр жасау қағидаларын бұзудың 86 дерегі анықталып, жолы кесілді.
Полиция мәліметінше, мұндай профилактикалық іс-шаралар ең алдымен жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өңірдегі жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.
— Жолаушылардың қауіпсіздігі жүргізушілердің тәртібі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Жол қозғалысы ережелерін бұзу, әсіресе адам тасымалдау кезінде, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады, — деп атап өтті полицияның баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1224541?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау