Өрт сөндіру қызметінің ардагерін құрметпен зейнетке шығарып салды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінде қарауыл бастығы Нұрадил Амангелдіұлы Қонырбаевты әріптестері салтанатты түрде құрметпен зейнет демалысына шығарып салды. Нұрадил Амангелдіұлы азаматтық қорғау саласында 22 жылдан астам уақыт абыройлы қызмет атқарып, кәсіби шеберлігімен, жауапкершілігімен және өз ісіне адалдығымен әріптестерінің құрметіне бөленді. Ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибесімен жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, өрт сөндіру қызметінің абыройын арттыруға үлес қосты. Іс-шара өрт сөндірушілердің игі дәстүріне сай өтті. Әріптестері көп жылғы адал еңбегі үшін алғыстарын білдіріп, ақжарма тілектерін арнады. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер арасындағы қалыптасқан дәстүр бойынша оны су шашып шығарып салды. Бұл – ауыр қызметтің қиындықтары мен шаршауын артта қалдырып, жаңа өмір кезеңіне ақ жол тілеудің белгісі. Әріптестері Нұрадил Амангелдіұлына зор денсаулық, отбасы амандығы мен ұзақ ғұмыр тіледі. Себебі өрт сөндіруші қызметі аяқталғанымен, өрт сөндіруші бауырластығы мәңгі сақталады.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1223658?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version