Оқу семинары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 12 наурызында Астана қаласында өткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III республикалық форумында бекіген тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, ағымдағы жылдың 18–20 мамыр аралығында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының алғашқы легі оқуды бастады. Осы кезеңдегі оқу семинарына біздің ауданымыздан аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық мәслихат депутаттары Бибігүл Жұмағұлова және Асылбек Нұралиев қатысуда.

Оқу бағдарламасы мамыр, маусым, шілде және тамыз айларында кезең-кезеңімен жалғасып,

1 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

Оқу бағдарламасының негізгі мақсаты – депутаттардың кәсіби әлеуетін арттыру, заманауи цифрлық дағдыларын дамыту және жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану бойынша базалық білім мен практикалық машық қалыптастыру.

Бағдарлама аясында:

– жасанды интеллект негіздері және оны мемлекеттік басқаруда қолдану;

– депутаттық қызметте жасанды интеллект құралдарын практикалық пайдалану бағыттары қамтылған.

Аталған бастама мәслихат депутаттарының кәсіби біліктілігін арттыруға, халықпен жұмыстың тиімділігін күшейтуге және басқару үдерістеріне заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.

Сонымен қатар, мәслихат депутаттарының біліктілігін тұрақты арттыру, оның ішінде цифрлық құзыреттерін дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1223968?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version