Қарағандыда ұйым қызметкері 5 миллион теңгенің алтынын ұрлады деген күдікке ілінді. Қарағанды қаласында ұйымдардың бірінде ірі көлемдегі алтын бұйымдардың ұрлану фактісі тіркелді. 52 жастағы әйел Қарағанды қаласының Киров полиция бөліміне арызданып, өзіне тиесілі алтын әшекейлердің жоғалғанын хабарлаған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 5 миллион теңгені құраған. Тергеу барысында полицейлер бағалы бұйымдарға қол жеткізу мүмкіндігі болған қызметкерлерді тексерген. Нәтижесінде күдік аталған ұйымның 44 жастағы қызметкеріне түсті. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, ұрланған алтын бұйымдардың барлығын қайтарған. Қазіргі уақытта оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1223710?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау