Қаракөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Сармағамбетова Нұргүл Шортанбайқызын алғаш мемлекеттік қызметке қабылдануымен құттықтап, мемлекеттік қызметшінің кәсіби әдебі мен жауапкершілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргіздім.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары, атап айтқанда заңдылықты сақтау, халыққа адал қызмет ету, ашықтық пен әділдік қағидаларын ұстану мәселелері кеңінен айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтармен қарым-қатынаста жоғары жауапкершілік таныту қажеттігі түсіндірілді.
Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан жас мемлекеттік қызметшіге кәсіби қызметінде табыс, жауапкершілік пен абырой тілеп, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру жолында адал еңбек ету маңызды екені атап өттім.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1224463?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау