Қазақстан өңірлері және Челябинск облысы: ынтымақтастық үшін үлкен әлеует

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Челябинск облысына жұмыс сапары өтті.

Делегация құрамына, сондай-ақ Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов, сондай-ақ ҚР іскер топтарының өкілдері кірді.

«Қазақстан Республикасының өңірлері мен Ресей Федерациясы Челябинск облысының шекара маңы ынтымақтастығының жаңа мүмкіншіліктері» бизнес-форумы барысында екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды. Іс-шара бағдарламасы ҚР РФ Елшілігі мен Челябинск облысы үкіметінің бірлескен күш-жігерімен ұйымдастырылды.

Құттықтау сөзінде Челябинск облысының губернаторы Алексей Текслер өз өңірі мен Қазақстанды тығыз қарым-қатынастағы көршілер деп атады. «Біздің кәсіпорындар ондаған жылдар бойы бірыңғай кооперацияда жұмыс жасап келеді. Біздің ауыл шаруашылықнарықтарымызда сұранысқа ие өнімдерді жеткізеді. Челябинск облысы мен Қазақстан Республикасы арасындағы тауар айналымы жылына тұрақты түрде миллиард доллардан асады, бірақ біздің әлеуетіміз бұдан да жоғары екеніне сенімдімін», – деп атап өтті Алексей Текслер. Өңір басшысы бұл форумның форматы Ресейдің басқа өңірлерін тарту перспективасымен ынтымақтастықтың тұрақты тетігі болатынына сенім білдірді.

Өз тарапынан Дәурен Абаев Челябинск облысы Қазақстанмен тауар айналымы бойынша Ресей Федерациясының субъектілері арасында көшбасшылар қатарында екенін айтты. «Өнеркәсіптік кооперация, металлургия, машина жасау, АӨК – бұл Челябинск облысы мен Қазақстан өңірлері иық тіресе жұмыс істеп келе жатқан бағыттар. Бүгінгі таңда біздің алдымызда бұл динамиканы сақтап қана қоймай, оны сапалы жаңа деңгейге көтеру міндеті тұр», – деп атап өтті Елші. Оның айтуынша, қазіргі форумды Мемлекет басшыларының тапсырмаларын өңірлер деңгейінде нақты жобалармен іске асыру құралы ретінде қарастыруға болады.

Форум барысында өңіраралық ынтымақтастықтың нақты нәтижелерімен Қазақстанның шекаралас облыстарының басшылары бөлісті.

Мәселен, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов РФ-сы өңірдің барлық тауар айналымының төрттен бірін қамтамасыз ететінін, 2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш $1,3 млрд. құрағанын айтты. «Біздің облыстар арасындағы ынтымақтастықтың болашағы елеулі болып қала береді. Бүгінде бизнестің тікелей диалогы жаңа өсу аймағын жедел табуға, сенімді нығайтуға және орнықты экономикалық байланыстарды қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ол.

Өз кезегінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өнеркәсіптік кооперация саласындағы табысты мысалдарды келтірді. Атап айтқанда, ресейлік «Хлебпром» компаниясы Қазақстандағы ұзақ мерзімді сақталатын нан-тоқаш өнімдерін шығаратын ірі зауыттың құрылысын аяқтауда. Ал Челябинск «Уралкран» өндірістік компаниясы биыл жүк көтеру-тасымалдау жабдықтарын шығаратын зауытты іске қоспақшы. Инвестициялардың жалпы сомасы $90 млн құрайды.

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов Челябинск облысының іскер топтарының өкілдерін бірлескен инвестициялық және кооперациялық жобаларға белсенді қатысуға шақырды. «Павлодар облысының экономикасына инвестиция сала отырып, инвесторлар перспективалы нарыққа, білікті кадрларға, дамыған инфрақұрылымға және тұрақты өсудің ұзақ мерзімді мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады. Біз іскерлік байланыстарды кеңейтуге, әріптестікті тереңдетуге және өзара тиімді жобаларды іске асыруға шын жүректен мүдделіміз», – деп атап өтті ол.

100-ден астам қазақстандық және ресейлік компаниялар қатысқан форум аясында дөңгелек үстелдер мен В2В-келіссөздер өтті. Нақты жобалар мен ұсыныстар талқыланды, ынтымақтастықты жандандыру жоспарлары қаралды.

Іскерлік байланыстарды нығайту мақсатында қазақстандық делегация «Макфа» АҚ (макарон өнімдері, ұн, сондай-ақ жарма мен дәнді дақылдар қауызын шығаратын жетекші өндіруші), «Завод роботов» ЖШҚ (өнеркәсіптік робот-манипуляторларды сериялық өндіруге және құрастыруға мамандандырылған Ресейдегі алғашқы кәсіпорын) және Челябинск ұсталық-престеу зауытында болып қайтты.

Сапар аясында қазақстандық делегация мен А.Текслер бастаған Ресей тарапының өкілдері Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow/press/news/details/1223832?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version