Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сауд Арабиясына жасаған жұмыс сапары аясында Корольдіктің Сыртқы істер министрінің халықаралық көпжақты қатынастар жөніндегі орынбасары Абдурахман әр-Рассимен келіссөздер өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы, сондай-ақ «Орталық Азия – Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» форматындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара қолдауды жалғастыруға дайын екендіктерін растады. Сонымен қатар, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге бағытталған бастамаларды ілгерілету маңыздылығы атап өтілді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілік білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1224546?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау