Қазақстанда бизнес-иммигрантқа УТР қалай алуға болады?
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес, шетел азаматтарының «С5» санатындағы визаны немесе бизнес-иммигрант ретінде уақытша тұруға рұқсатты (УТР) алмайынша заңды тұлға құруына немесе оның қатысушысы болуына құқығы жоқ.
Бизнес-иммигранттар үшін алғашқы уақытша тұруға рұқсат 3 айға дейінгі мерзімге рәсімделеді. Заңды тұлға тіркеліп, қажетті құжаттардың толық топтамасы ұсынылғаннан кейін УТР 1 жыл мерзімге беріледі және оны жыл сайын ұзартуға болады.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі белгіленген талаптарды сақтамау Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматының болу мерзімін қысқартуға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1223529?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау