Бюджеттің кіріс бөлігін тиімді салықтық әкімшілендіру және көлеңкелі экономиканы заңдастыру есебінен арттыру жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында Әуезов ауданы бойынша кәсіпкерлікті дамыту бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы және Әуезов аудандық полиция басқармасымен бірлесіп аудан аумағындағы қойма нысандарына көшпелі мониторинг жүргізілді.
Мониторингтің негізгі мақсаты – қоймалардың салықтық тіркелуін, салықтардың толық әрі уақытылы төленуін, нақты айналымдардың мәлімделген деректерге сәйкестігін тексеру, сондай-ақ заңсыз импорт пен көлеңкелі кәсіпкерлік белгілерін анықтау.
Қазіргі таңда Әуезов ауданы аумағында 26 қойма нысаны жұмыс істейді. Әр нысан бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп кезең-кезеңімен талдау және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар бизнестің ашықтығын қамтамасыз етуге, бюджетке түсетін салық көлемін арттыруға, адал бәсекелестік ортаны қалыптастыруға, заң талаптарын сақтайтын кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға және ауданның экономикалық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.
Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1223803?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау