Қостанайда санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және дәстүрлі екі айлық тазалық жұмыстары аясында абаттандыру мен санитарлық тазарту шаралары жалғасуда.

Қазіргі уақытта көпқабатты тұрғын үйлердің аумақтарына ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, аулаларды тазалау, тұрмыстық қоқыстарды шығару, іргелес аумақтарды ретке келтіру, сондай-ақ жасыл желектер мен балалар алаңдарын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қала тұрғындарын атқарылып жатқан шараларға белсенді қолдау көрсетіп, тазалық пен тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосуға шақырамыз. Әрбір тұрғын сенбіліктерге қатысып, өз үйінің маңын таза ұстап, қоршаған ортаға ұқыпты қарау арқылы үлес қоса алады.

Бірлескен күш-жігердің арқасында Қостанайды барша тұрғындар үшін таза әрі жайлы қалаға айналдыра аламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1224515?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version