Құрмет – қоғам негізі!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі қоғамда сыпайы әрі құрметке негізделген қарым-қатынас мәдениеті шынайы өмірде де, цифрлық кеңістікте де ерекше маңызға ие. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікірдің қалыптасуына үлкен әсер етеді. Сондықтан әдептілік, өзара сыйластық және айтылған сөз үшін жауапкершілік қағидаттарын сақтау аса маңызды.

Қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру әр адамнан басталады. Қолдау көрсету, сыпайы қарым-қатынас, ізгі ниет пен конструктивті диалог ұжымда және қоғамда сенім мен өзара түсіністік атмосферасын қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау, тіл тигізу, агрессия және негізсіз сын айтуға жол берілмеуі тиіс.

Еңбек адамына және мемлекеттік қызметке құрметпен қарау — өркениетті қоғам мәдениетінің маңызды бөлігі. Кәсібилік, жауапкершілік пен ашықтық әділ бағалауға және сындарлы өзара іс-қимылға лайық. Тек бірлескен күш-жігер арқылы әдеп, құрмет және өзара қолдау қағидаттарына негізделген оң ақпараттық ортаны қалыптастыруға болады.
Әдеп жөніндегі уәкілі Искакова Гульмира

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-akmola/press/news/details/1223932?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version