Құтқарушылар мектеп-гимназиясында ашық сабақ өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Т.Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Құлан мектеп-гимназиясында оқушылармен ашық сабақ өткізді. Іс-шараның мақсаты – балалар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру болды. Сабақ барысында суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету тәртібі түсіндіріліп, манекен арқылы тәжірибелік түрде көрсетілді. Сонымен қатар оқушыларға тақырыптық бейнероликтер ұсынылып, судағы қауіпсіздік қағидалары, шұғыл қызметтерге хабарлау және алғашқы әрекеттер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырып, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретеді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1224620?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version