20 мамыр күні Маңғыстау ауылындағы Ф.Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйінде «Қызмет алушылар күніне» орай жәрмеңке өтті.
Жәрмеңке барысында рұқсат құжаттарын рәсімдеу, лицензия алу, кәсіпкерлікті дамытуға арналған гранттар, салық режимдері, сондай-ақ бизнесті қолдауға бағытталған қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар мен заңнамадағы жаңашылдықтар туралы кеңінен ақпарат берілді.
Аталған саладағы мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар қызмет алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, нақты жауаптар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1224628?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау