Қызылордада есепте тұрған азаматтарға қатысты профилактикалық тексерулер жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Республика көлемінде 18-22 мамыр аралығында “Есепте тұрған” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған шара аясында Қызылорда облыстық полиция департаменті мен ҚАЖ департаменті бірлескен бұйрық қабылдады. Профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған, есепте тұрған тұлғалар тарапынан болуы мүмкін құқық бұзушылықтардың және қылмыстың қайталануын уақтылы анықтау, олардың тұрғылықты жері бойынша, әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының есептері негізінде тексеру жұмыстарын жүргізу. Іс-шара барысында Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілуде. Бұл жұмыстар Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі және учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Сонымен қатар профилактикалық шара аясында сотталған азаматтармен жеке профилактикалық сұхбаттар өткізіліп, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және әлеуметтік-психологиялық жағдайына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жедел профилактиканың алғашқы күнінде 102 сотталған тұлға тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 7 есептегі тұлғаға ескерту шарасы қолданылды. Сондай-ақ бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру бойынша 5 сотталғанның іс материалдары жинақталып, Қызылорда қалалық сотына жолданды. Аталған профилактикалық іс-шара 22 мамырға дейін жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiskzl/press/news/details/1223921?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version