Қызылорда облыстық прокуратурасы мен экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірлесіп «Тергеушілер форумын» өткізді.
Форумға күштік құрылым басшылары, прокурорлар мен тергеушілер және ITмамандар қатысты.
Шараның мақсаты құқық қорғау органдарының тиімділігін арттыру, тергеу процестерін жеделдету және заманауи технологияларды тәжірибеге енгізу.
Форумды облыс прокуроры Ризабек Ожаров ашып, қылмыстық процестіжетілдіру, дәлелдемелерді жинау мен бағалау сапасын көтеру, цифрлік технологияларды кеңінен қолдану мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар тергеу барысында азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы ерекше назарда болу керектігін атап өтті.
Сала мамандарымен «TERGEU PRO»жобасының ерекшелігі, қылмыстық құқық бұзушылықты цифрландыру және антифродорталығы қызметінің тиімділігі туралы ұсыныстар айтылды.
Аталған ұсыныстар мен пікірлер қолдау тауып, оларды алдағы уақытта іске асыру тетіктерін қарастыру жөнінде шешім қабылданды.
Қызылорда облыстық прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1224549?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау