Робототехника бойынша «Robotek Grand Tournamment Astana» халықаралық чемпионатына қатысу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 12-13 мамыр аралығында «Robotek Grand Tournament Astana» халықаралық робототехника чемпионаты өтті. Осакаров ауданының намысын Ә. Бөкейхан атындағы мектеп, №8 жалпы білім беретін мектеп және №9 гимназиядан құралған 4 команда қорғады. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша келесідей орындар иеленді:

1-күн (12 мамыр) — «Роботек» санатында «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары Жаңабай Жандарбек пен Қизаев Алғыс жүлделі ІІ орынды иеленді (жаттықтырушысы — С.Т. Темірбай).

2-күн (13 мамыр) — «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары Кенжебаев Диас пен Сағындық Сардар Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) білім грантын жеңіп алды (жаттықтырушысы — С.Т. Темірбай).

Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!!!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1224680?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version