Сапар аясында С. Бейсенова ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы және Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясында сала қызметі үшін маңызы зор зертханалық зерттеулердің сапалы дайындалу мәселесі талқыланды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сапар аясында С. Бейсенова ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы және Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясында сала қызметі үшін маңызы зор зертханалық зерттеулердің сапалы дайындалу мәселесі талқыланды. Мекеме басшылары Б.Базарұлы мен Ж.Құрманов даму жоспарымен және жуырда алынған соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтармен таныстырды.
Комитет төрағасының жұмыс сапары Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымымен кездесуімен аяқталды.
Кездесу барысында сала қызметін одан әрі жетілдіру, мамандардың біліктілігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету секілді өзекті мәселелер жан жақты талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1224088?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version