«Саран қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ-де Ашық есік күні өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌 Бүгін «Саран қаласының Отбасын қолдау орталығы» КММ-де Ашық есік күні өтті.
Іс-шара аясында қала тұрғындары әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қолдау мәселелері бойынша мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. 🤝
Орталық мамандары азаматтардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді және әлеуметтік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы мәлімет ұсынды.
👨‍👩‍👧‍👦 Кездесу барысында әрбір келуші өз мәселесі бойынша қажетті қолдау мен кеңес алып, ашық форматта еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Іс-шараның басты мақсаты — халықты Орталық қызметі туралы ақпараттандыру, тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсету және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға уақтылы көмек көрсету. ✨
«Саран қаласының Отбасын қолдау орталығы» КММ алдағы уақытта да отбасы институтын нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстарын жалғастырады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1224031?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version