Шал ақын ауданының «Е. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-де жасөспірімдер арасындағы тәуелді мінез-құлықтың алдын алу және тиімді командалық өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шара өтті. Іс-шараны «Демеу» ЖҚҰ психологі Р.С Баймұхамбетова. және директоры Ж.С. Саттарова өткізді.
Кездесу форматы әрбір қатысушының тек бақылаушы болып қалмай, белсенді түрде қатысуына бағытталды.
Жасөспірімдер тек пікір алмасып қана қоймай, іс жүзінде де дағдыларын дамытты: салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды орындады, теріс ықпалға қарсы тұруды үйренді, коммуникативтік қабілеттерін және командада жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді. Әсіресе, әртүрлі өмірлік жағдайларда өз таңдауы мен іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Қатысушылардың белсенділігі, жоғары қызығушылығы және ашық диалог осы кездесудің басты нәтижесіне айналды.
Іс-шара қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды — бұл олардың бастамашылдығы, батылдығы және дамуға деген ұмтылысының айқын көрінісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1224637?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау