Шанхай, 2026 жылғы 30 сәуір
Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулдығында Цзяңсу провинциясы Халық үкіметінің Сыртқы істер канцеляриясы өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты негізгі салаларда нығайтуға бағытталған кең ауқымды мәселелерді талқылады.
Кездесудің басты тақырыбы 2026 жылғы маусым айының ортасына жоспарланған Цзяңсу провинциясы партия комитетінің хатшысы Синь Чансиннің Қазақстанға (Алматы және Астана қалалары) сапарын пысықтау болды. Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайту мақсатында қазақ тарапы тиісті деңгейдегі кездесулерді ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсетуге және қытайлық серіктестердге лайықты қабылдау жасауға дайын екенін растады.
Іскерлік байланыстарды ынталандыру мақсатында тараптар Қазақстан қалалары мен облыстары делегацияларының өзара сапарларын ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Қытай тарапы Цзяңсу провинциясы басшылығының алдағы сапары аясында Қазақстанда бизнес-форум өткізуді ұсынды. Бұл форум екі өңірдің іскер топтары арасында тікелей байланыс орнатуға және екі елдің қалалары мен өңірлері арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын дамытуға негізгі алаңға айналуы тиіс.
Бас консул Н. Аққошқаров Цзяңсу провинциясының экономикалық әлеуетін жоғары бағалады: 2025 жылы өңірдің жалпы өнімі 2 трлн. АҚШ долларына жетіп, өсім 5,3%-ды құрады. Тараптар логистика, энергетика, инфрақұрылым, IT және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты жандандыруға келісті. Цзяңсу өкілдері үшін Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ерекше қызығушылық тудырады, мұнда 5000 шетел компаниялары ішінде 1000-нан астам қытай компаниясы тіркелген. Дипломат инвестициялық және қаржылық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Цзяңсу делегациясының АХҚО қызметімен таныстуды ұсынды.
Бас консул сондай-ақ «Наурыз» мейрамын сәтті өткенін атап, бұл мерекені жыл сайын Қытайдың әртүрлі провинцияларында өткізуді ұсынды. Өз кезегінде, Цзяңсу провинциясы Сыртқы істер канцеляриясының директоры Лу Хуалян келесі мейрамды 2027 жылы Цзянсу өңірінде өткізуге ұсыныс жасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-shanghai/press/news/details/1223871?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау