Шетелге шығатын азаматтарға Эбола қызбасының алдын алу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Эбола қызбасы — негізінен Африка елдерінде тіркелетін, ағымы ауыр аса қауіпті вирустық ауру. Инфекция көзі – жұқтырған жануарлар мен науқас адам. Жұқтыру қанмен, биологиялық сұйықтықтармен және ластанған заттармен байланыс кезінде болады. Инкубациялық кезеңі 2-21 күнге дейін созылады. Негізгі белгілері: жоғары дене қызуы, әлсіздік, бас және бұлшықет ауруы, құсу, диарея, бөртпе және қан кету.

ДДҰ Конго Демократиялық Республикасында және Угандада тіркелген Эбола қызбасының өршуіне байланысты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады. Аурудың таралуына Эбола вирусының сирек түрі — Bundibugyo штаммы себеп болып отыр. Қазіргі таңда бұл штаммға қарсы арнайы вакцина да, нақты емі де жоқ.

ДДҰ және CDC бағалауынша, індеттің Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне таралу қаупі төмен деңгейде қалып отыр, себебі індет ошағы бар аймақтармен тікелей тұрақты әуе қатынасы жоқ.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында Эбола қызбасы тіркелген жоқ. Оаған қарамастан Эбола бойынша қолайсыз елдерден келетін тұлғаларға қатысты санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді. Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде қашықтықтан термометрия және инфекцияның әкелінуінің алдын алуға бағытталған басқа да профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Жағдай тұрақты бақылауда.

Эндемиялық елдерге шығатын азаматтарға арналған ұсынымдар:

Эбола қызбасы тіркелген Африка елдеріне, әсіресе балалармен бірге, барудан бас тарту.
Жабайы жануарлармен (приматтармен, жарқанаттармен) және инфекциялық ауру белгілері бар адамдармен байланыстан аулақ болу.
Жабайы жануарлар сатылатын базарларға бармау, тек қауіпсіз су мен термиялық өңдеуден өткен тағамдарды пайдалану, жеке профилактика және гигиена шараларын сақтау.
Елге оралғаннан кейін 21 күн ішінде дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, бөртпе, құсу, диарея және басқа да белгілер пайда болған жағдайда — дереу медициналық көмекке жүгініп, шетелде болғаны туралы хабарлау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-abay/press/news/details/1224185?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version