Шомылу маусымы–2026: қауіпсіз демалыңыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаз мезгілінің басталуына байланысты Жетісу облысында су айдындарындағы жаппай демалыс кезеңі басталады. Өңір аумағында тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы демалысы үшін суға шомылуға және демалуға арналған 4 ресми орын белгіленді. Атап айтқанда, Талдықорған қаласының қалалық жағажайы, Алакөл ауданындағы Ақши және Көктұма жағалаулары, сондай-ақ Сарқан ауданындағы Балқаш көлінің жағалауы.

Шомылу маусымы ресми түрде ағымдағы жылдың 1 маусымында басталады. Осыған байланысты тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз:

  – тек рұқсат етілген және арнайы жабдықталған жағажайларда шомылу;

   – балаларды су айдындарының жағасында қараусыз қалдырмау;

    – алкогольдік масаң күйде суға түспеу;

    – буймен белгіленген қауіпсіз аймақтан аспау;

    – жүзу құралдарын пайдалану (құтқару  кеудешесі және т.б.);

     – су айдындарындағы ескерту белгілеріне назар аудару.

Судағы қауіпсіздік ережелерін бұзған немесе орындамаған жағдайда азаматтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Құрметті тұрғындар! Судағы қауіпсіздік — әр адамның жеке жауапкершілігі. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы сіз өз өміріңізді және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1224619?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version