Шомылу-жүзу бассейндеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесіне сәйкес шомылу-жүзу бассейндері эпидемиялық мәні жоғары объектілерге жатады.

 

Қызметі басталар алдында шомылу-жүзу бассейндері бар шаруашылық субъектілері эпидемиялық мәні жоғары объектінің Санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуы тиіс.

 

Шомылу-жүзу бассейндеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) белгіленген.

 

Санитариялық қағидаларға сәйкес бассейндерді тұрғын ғимараттарда орналастырған кезде қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулау қамтамасыз етіледі.

 

Бассейндерде рециркуляциялық немесе су ауыстырудың ағынды жүйесі қолданылады немесе бір мезетте бассейнді дезинфекциялай отырып, судың қажеттілігіне қарай және өндірістік бақылау көрсеткіштері бойынша судың толық ауыстырылуы қамтамасыз етіледі.

 

Бассейнге жіберілетін су зарарсыздандырылады (хлорлану, бромдалу, озондалу, ультракүлгінді сәулелендіру және ұқсас залалсыздандыру әдістері).

 

Бассейнді дезинфекциялау су ағызылғаннан кейін және дезинфекциялау құралдарымен екі рет шаю әдісімен ваннаны механикалық тазалау арқылы жүргізіледі. Активті хлор ерітіндісін шаю, оны жаққаннан кейін бір сағат өткен соң, жылы сумен жүргізіледі.

 

Айналма жолдар, бассейннің қабырғалары мен түбінің жабын материалдары оларды тазалау және дезинфекциялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, қолданылатын химиялық реагенттер мен дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді болады. Реагенттер, сумен жанасатын материалдар сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі құжаттары бар болғанда қолданылады.

 

Күрделі және ағымдағы жөндеулер, инженерлік жабдықтарды ауыстыру, суды ағызу және ваннаға жаңа су толтыру олардың санитариялық-техникалық күйіне, өндірістік зертханалық бақылау нәтижелеріне және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің нұсқамаларына (қаулыларына) байланысты жүргізіледі.

 

Бассейнде жүзумен айналысатын адамдар шомылатын киім (плавки, шомылу киімі), ылғалға төзімді материалдан жасалған ауыстырылатын аяқ киім, резеңке бас киімді (бассейн ванналарының суын шашпен ластауды болдырмау үшін) пайдаланады, бассейн залына шығу алдында себезгі қабылдайды.

 

Жарақаттану мен жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында үй-жайлардың әрлеудегі ақаулары (сынған жапсырма плиткалар, линолеум, жыбындылар мен жабдықтардың тұтастығы бұзылғанда) уақтылы жөнделуге жатады.

 

Бассейн әкімшілігі бассейндік су сапасының көрсеткіштеріне микробиологиялық, санитариялық-химиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге, бассейндердің негізгі үй-жайларының микроклиматының параметрлеріне және судың температурасына өндірістік бақылау жүргізуді, сондай-ақ персоналдың медициналық тексеруден уақтылы өтуін бақылауды тұрақты негізде қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1223656?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version