ШҚО КИКБОКСШЫЛАРЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНАН ҮШ АЛТЫН, БІР ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13–18 мамыр аралығында Анталия (Түркия) қаласында кикбоксингтен жастар арасында Әлем Кубогы өтті. Халықаралық деңгейдегі байрақты бәсекеде Шығыс Қазақстан облысының спортшылары Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, жоғары дайындық деңгейі мен айрықша нәтиже көрсетті.

Әлемдік рингте бақ сынаған шығысқазақстандық саңлақтардың көрсеткіштері келесідей:

  • І орын — Сарқытбеков Ильяс (57 кг салмақ дәрежесінде, фулл-контакт бағыты бойынша);

  • І орын — Қарымбек Нұрасыл (81 кг салмақ дәрежесінде);

  • І орын — Жұмажан Мансур (86 кг салмақ дәрежесінде);

  • ІІІ орын — Әділкәрімов Сұлтанали (67 кг салмақ дәрежесінде).

Жас спортшыларды әлемдік додаға жоғары деңгейде дайындап, айтулы жеңіске бастап барған білікті бапкер Ержан Кимович Шегеновтің қажырлы еңбегін ерекше атап өту қажет. Бапкердің кәсіби шеберлігі мен жүйелі жаттықтыру жұмыстары өңір спортшыларының әлемдік тұғырдан көрінуіне септігін тигізді. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы чемпиондарды, жүлдегерді және жаттықтырушылар құрамын халықаралық аренадағы жарқын жеңісімен құттықтайды және алдағы уақытта да үлкен спорттық табыстар тілейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1224346?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version