ШҚО полицейлері жол ережесін бұзушыларды дронмен анықтауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО полицейлері жол ережесін бұзушыларды дронмен анықтауда

«Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзушылықтарды анықтау мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануда.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен жолдағы жағдай бақылауға алынып, қарсы бағытқа шығу, қауіпті маневр жасау, озу ережелерін бұзу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін өзге де құқықбұзушылықтар анықталады.

Заманауи технологияларды қолдану жол қозғалысын бақылаудың тиімділігін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жүргізушілердің жолдағы тәртібін күшейтуге мүмкіндік береді.

ШҚО ПД Патрульдік полиция батальоны барлық қатысушыларды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, жолда өзара құрмет танытуға және қауіпсіздік әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне байланысты екенін ұмытпауға шақырады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1224609?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version