«Ауыл Online» жобасы аясында 2026-2027 жылдары Шығыс Қазақстандағы 204 елді мекен жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі.
Жоба шеңберінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және шалғай ауылдардағы интернет сапасын арттыру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізіледі.
Нәтижесінде ауыл тұрғындары цифрлық қызметтерге, онлайн білім беру жүйесіне, телемедицина мен мемлекеттік сервистерге тұрақты әрі сапалы қол жеткізе алады. Сонымен қатар тараптар құрылыс жұмыстарын үйлестіру, жергілікті жерлерде жедел өзара іс-қимыл жасау және өңір аудандарындағы инфрақұрылымдық жобаларды сүйемелдеу бойынша келісімге келді.
Меморандумға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин қол қойды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/1224025?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау