Сотталғандар арасында отбасын құруға ниеттілер саны артқан

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылордада сотталғандардың некеге тұру көрсеткіші артып келеді. Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемесінде бүгінде мыңға жуық сотталған азамат жазасын өтеуде. Солардың арасында отбасын құрып, заңды некеге тұруға ниет білдірушілердің саны артып келеді. Жыл басынан бері 27 сотталған азамат некесін қиюға өтініш берген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға жоғары. Мамандар мұны сотталғандардың өмірге деген көзқарасының өзгеруімен және отбасы құндылықтарына деген жауапкершіліктің артуымен байланыстырады. Некені рәсімдеу барысында арнайы отбасы орталығының мамандары мекемеге келіп, жас жұбайларға неке куәлігін салтанатты түрде табыстайды. Сонымен қатар іс-шараға мекеме теологтары да қатысып, отбасының қоғамдағы рөлі, сыйластық пен татулықтың маңызы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, отбасын құруға шешім қабылдаған азаматтардың өмірге деген ұстанымы өзгеріп, болашаққа деген сенімі нығая түседі. Бұл олардың қоғамға бейімделуіне және қайта қылмысқа бармауына оң ықпал етеді. – Некеге тұру – адам өміріндегі маңызды қадамдардың бірі. Біз отбасылық құндылықтарды сақтап, берекелі шаңырақ құрып жатқан жастардың саны артып келе жатқанын байқап отырмыз. Мұндағы әрбір сотталған азамат бұл шешімге үлкен жауапкершілікпен қарайды. Жыл басынан бері 27 сотталған азамат некесін қиды, – дейді №60 мекеменің заңгері Ардақ Ізмағамбетова.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiskzl/press/news/details/1223934?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version