«Спорт-нашақорлыққа қарсы» тақырыбында өткен турнирге 700-ге жуық спортшы қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облыстық Кёкушинкай каратэ-до Намыс федерациясының ұйымдастыруымен «Спорт – нашақорлыққа қарсы» тақырыбы аясында каратэден ашық турнир өтті. Турнирге төрт мемлекеттен құралған 700-ге жуық спортшы қатысып, тартысты додада бақ сынады. Турнирге Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ерлан Габитов пен жедел уәкіл полиция майоры Айбол Ідірісов арнайы қатысты. Басты мақсат – спорт арқылы балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі қылмысын болдырмау және нашақорлықтың алдын алу. Жарыс барысында спортшылар әртүрлі салмақ дәрежелерінде шеберліктері мен күш-жігерлерін көрсетті. Мықтылар бақ сынасқан турнирде 32 салмақ дәрежесі бойынша спортшылар үздіктер қатарынан көрініп, алтын, күміс және қола жүлде иегерлері атанды. Жеңімпаздарға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы атынан бағалы сыйлықтар табысталды.
– Жастардың денсаулығы – еліміздің салауатты болашағының кепілі. Каратэ сияқты спорт түрлері жасөспірімдерге өз қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ жеңіске ұмтылу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға көмектеседі. Спортқа деген сүйіспеншілікті ояту – біздің басты міндетіміз, – деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ерлан Габитов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1224317?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version