Степногорск қаласының прокуратурасы «Жас Қорғаушы» жобасы аясында уәкілетті органдармен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуде.
Жазғы демалыс қарсаңында білім беру ұйымдарының, құқық қорғау органдарының өкілдері мен қала мектептерінің оқушыларының қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға олардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік шаралары, сондай-ақ жазғы кезеңдегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары түсіндірілді. Заң талаптарын сақтау, жеке қауіпсіздік және жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқушылар үшін құқықтық сауаттылықты арттыруға және заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған интерактивті квиз-ойындар мен викториналар өткізілді.
Сонымен қатар, аталған жоба аясында профилактикалық жұмыстарға белсенді қатысып, оң нәтижелер көрсеткен және кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық әрі әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеген мектептер мен оқушылар қала әкімі мен прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды.
Жүргізіліп жатқан жұмыс «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайтуға, жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1224614?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау