«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерт»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында мекеме алаңында жүргізілген түсіндірме жұмыстары – қоғамда адалдық пен әділдікті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Бұл шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, заң талаптарын құрметтеуге шақыру болды.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізер кері әсері, оның алдын алу жолдары және әр азаматтың жауапкершілігі жан-жақты түсіндірілді. Заңды сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екені айтылып, адал еңбек пен таза қызметтің маңыздылығы кеңінен насихатталды.
Осындай тағылымды шаралар халық пен мекеме арасындағы сенімді нығайтып, әділетті қоғам қалыптастыруға өз үлесін қосады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың ар-ожданы мен азаматтық ұстанымынан басталатыны анық. Тәртіп пен заң үстемдік құрған жерде елдің бірлігі бекем, болашағы жарқын болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1223567?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version