Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері жөніндегі кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 2026 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасы Э.К. Күзенбаевтің төрағалығымен, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары басшыларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген көшіп келушілер мен қандастардың өтініштерін қарауға байланысты скоринг пен өзге де рәсімдерді жүргізуді қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері болды.

Кеңес барысында Комитет төрағасы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылық, объективтілік және ашықтық қағидаттарын қатаң сақтау қажеттілігі туралы ақпарат жеткізді. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, критериалды іріктеу жүргізу кезінде лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бұдан басқа, кеңеске қатысушыларға өтініштерді бағалау және қарау рәсімдерін жүзеге асыру кезінде туындайтын негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ оларды барынша азайту және болдырмау жөніндегі шаралар түсіндірілді. Көшіп келушілерді критериалды іріктеуден өтудің және мемлекеттік қызметтер көрсетудің барлық кезеңдерінде шешімдер қабылдау және белгіленген рәсімдерді сақтау кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша осы салада туындайтын өзекті мәселелер, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы қолданудың практикалық аспектілері талқыланды. Барлық келіп түскен сұрақтарға қатысушыларға толық түсіндірмелер мен тиісті ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kqon/press/news/details/1224431?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version