Талдау (Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бойынша 2026ж. 4 айда жүргізілген жұмыстар туралы)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен 2026 жылғы 4 айда профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне сәйкес 6 объектіге профилактикалық бақылау  және 3 объектіге жоспардан тыс тексеру, барлығы 9 объекті тексеру шараларымен қамтылды.

Профилактикалық бақылау жүргізілген 6 объектіде мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке  бағдарламаларының орындалуы заңдылығына тексеріліп, нәтижесінде 6 заңбұзушылық анықталып, оларды жою туралы 3 нұсқама берілді

Жоспардан тыс жүргізілген 3 объектіде арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша заңдылығы тексеріліп, нәтижесінде  2 заңбұзушылық анықталып, оны жою туралы 2 нұсқама  беріліп, бір лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 43 250 тенге 1 айыппұл салынып, бюджетке толығымен төленді.

                                                   Нысандарды бейімдеу

2023–2027 жылдарға арналған «Аманат» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының Жол картасы жоспарына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша қолжетімділік интерактивті картасындағы объектілер жалпы саны – 2376.

2026 ж. 1 мамырдағы жағдайы бойынша 1767  объектісі мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін толығымен бейімделген, яғни 75% орындалған.

  2026 жылға 330 объектіні толығымен бейімдеу жоспарланған.

Өңір атауы

Қолжетімділік картасындағы нысандардың жалпы саны

2025 жылғы жоспар 

(60%)

2026 жылғы жоспар 

(80%)

%

орындалуы

Қызылорда облысы

2371

1767 (75%)

330

100 %

 

Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша

 

02.05.2026 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша 23761 өтініш берілген, оның 16998 (71,6%) орындалған.

 

Департаменттің интернет-ресурсының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

 

Департаментпен 2026 жылғы 4 айда баспасөз беттерінде 19 мақала, Департаменттің ресми сайтында 32 хабарлама жарияланды, 30 ұжыммен,
17  халықпен кездесу өткізілді, басшылардың жеке қабылдауында 20 азамат болды. 

 

Халықты әлеуметтік қорғау

саласындағы реттеу және

бақылау комитетінің Қызылорда

облысы бойынша департаменті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1224625?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version