Талдықорған қаласындағы Жетісу жастары орталығында жастарға арналған «SKILL UP: табысты мансапқа алғашқы қадам» атты танымдық тренинг өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру, еңбек нарығында сұранысқа ие заманауи дағдыларды дамытуға қолдау көрсету және болашақ мансапты тиімді жоспарлауға жол көрсету. Тренинг барысында қатысушылар еңбек нарығындағы бүгінгі талаптар, жұмысқа орналасудың негізгі қағидалары және кәсіби дамудың тиімді тетіктері туралы жан-жақты мағлұмат алды. Сонымен қатар, түйіндеме әзірлеу, сұхбат барысында өзін дұрыс таныстыру, уақытты ұтымды пайдалану, жеке қабілеттерді дамыту сынды маңызды тақырыптар кеңінен талқыланды. Қатысушыларға қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар мен еңбек нарығындағы жаңа тенденциялар туралы да ақпарат беріліп, болашақ мамандық таңдауда пайдалы кеңестер ұсынылды.
Іс-шараның спикері – Мансап орталығы филиалының маманы Тойбулат Дильназ. Ол жастармен кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, мансап жолындағы алғашқы қадамдар, кәсіби өсу мен өзін дамыту бағытында тәжірибелік кеңестер айтты. Тренинг соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңына қатысты. Осындай мазмұнды кездесулер жастардың өз әлеуетін дамытуына, болашаққа сеніммен қадам басуына және еңбек нарығына бейімделуіне үлкен мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/1223889?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау