Тамақтан улану

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тамақтан улану – қоздырғыштармен ластанған және олардың токсиндерімен немесе микробтық емес сипаттағы улы заттармен ластанған тамақ өнімдерін тұтыну нәтижесінде пайда болатын жедел ауру.
Тамақтан улану жағдайлары көбінесе қоғам өмірінде маңызды рөл атқаратын тамақтану саласымен байланысты болып келеді. Осы себепті, қоғамды тамақтандырумен айналысатын әрбір кәсіпкер қоғамдық тамақтандыру қызметтерін көрсету кезінде инфекциялық аурулардың туындау қаупін азайту мақсатында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) сипаттағы шараларды қамтамасыз етуі тиіс.
Осыған орай, тұтынушыларға ең алдымен тамақ өнімдерін арнайы рұқсат етілген орындардан сатып алу керек екендігін, сатып алып жатқан өнімдердің қаптама тұтастығының бұзылмағандығына, таңбалануына, әсіресе өнімнің жарамдылық мерзіміне, өнімдерді сақтау жағдайларына аса маңызды көңіл аудару керек екендігін ескертеміз.
Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-zhelezinka/press/news/details/1224365?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version