«Таза Қазақстан» – таза болашақ кепілі: Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері көгалдандыру акциясына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері аумақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысты.

7 мамыр күні Жетісу облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының аумағында жас көшеттер отырғызу, аумақты тазарту және іргелес жерлерді ретке келтіру жұмыстары ұйымдастырылды. Ведомство қызметкерлері бірлескен күш-жігердің арқасында қоршаған ортаны таза әрі жайлы етуге өз үлестерін қосты.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы осы күні еліміздің барлық өңірлерінде өтіп, табиғатты сақтау мен экологиялық ахуалды жақсарту жолында мыңдаған азаматты ортақ мақсатқа жұмылдырды. Мұндай бастамаларға ТЖД қызметкерлерінің қатысуы — азаматтық жауапкершіліктің және қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың айқын көрінісі.

Осындай шараларды өткізу экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне деген жауапкершілікті арттыруға, сондай-ақ табиғатты қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аударуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1224327?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version