ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚР ЧЕМПИОНАТЫНДА ШҚО ҚҰРАМАСЫ СӘТТІ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15–21 мамыр аралығында Талдықорған қаласында тоғызқұмалақтан спорт шебері, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Несіп Жүсіпбайұлының 75 жылдық мерейтойына орай ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтті. Еліміздің барлық өңірлерінен жиналған ең үздік зияткерлер қатысқан байрақты бәсекеде Шығыс Қазақстан облысының құрамасы жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Тартысты өткен біріншілік қорытындысы бойынша ШҚО спортшылары қос жүлдені қанжығаларына байлады. Сайыс нәтижесі келесідей:

  • І орын — Қилыбаева Гульжан Хамитовна (50 жас санатындағы әйелдер арасында);

  • ІІ орын — Гарифуллин Давлет Ришадович (60 жас санатындағы ерлер арасында).

Спортшыларымыздың бұл жоғары жетістігі — олардың көпжылдық тәжірибесі мен табандылығының жарқын көрінісі. Сонымен қатар, өңірдегі ардагерлер спортының дамуына және зияткерлік ойын шеберлеріне тұрақты түрде жан-жақты қолдау көрсетіп жүрген Али Думанайұлы Мусин мырзаға ерекше алғыс білдіреміз. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жүлдегерлерді айтулы жеңісімен құттықтайды және алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруға тілектестік білдіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1224323?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version