ТЖД судағы қауіпсіздікті сақтау ережелерін еске салады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысының аумағында судағы жаппай демалысқа арналған 4 орын белгіленген. Атап айтқанда: Талдықорған қаласының қалалық жағажайы, Алакөл ауданының Ақши және Көктұма жағалаулары, сондай-ақ Сарқан ауданындағы Балқаш көлінің жағалауы.

Суға шомылу маусымы ресми түрде биыл 1 маусымда басталады. Осыған орай тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз:

– тек рұқсат етілген және жабдықталған жағажайларда шомылу;

– балаларды су айдындары маңында қараусыз қалдырмау;

– мас күйде суға түспеу;

– буйкамен белгіленген қауіпсіздік аймағынан аспау;

– жүзу құралдарын (құтқару кеудешесі және т.б.) пайдалану;

– су қоймаларындағы ескерту белгілеріне назар аударыңыз.

Құрметті тұрғындар! Судағы қауіпсіздік – әр адамның жеке жауапкершілігі. Қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау арқылы сіз өз өміріңізді және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-sarkant/press/news/details/1224384?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version